АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды. Түркістандық полицейлер «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, әкімшілік шара қолданып жатыр.
Мәселен, Сауран ауданында полицейлер «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы бұрын салынған айыппұлдарын белгіленген мерзімде төлемеген жүргізушіні анықтады. Ол көлік құралын пайдалану, жолаушыларды тасымалдау және көлік құралын тоқтату талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Берешектің жалпы сомасы 260 мың теңгеден асады. Заңнама талаптарына сәйкес, жүргізушінің көлігі мамандандырылған айыптұраққа қойылды.