Негізгі Жаңалықтар ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандарын даярлаудың жаңа тәсілдері талқыланды. Жиынға бейнебайланыс арқылы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.


Түркістан облысында жұмысшы мамандарын даярлауға ерекше мән беріліп отыр. Қазір өңірдегі 50 колледжде 46 мыңнан астам студент білім алады. Олар 85 мамандық пен 125 біліктілікті меңгеруде. Студенттердің 16 мыңнан астамы, яғни 35 пайызы – жұмысшы мамандықтарын таңдаған. Ал кәсіпорындар мен инвестициялық жобалардың сұранысы ескеріле отырып, 2026-2027 оқу жылына 15 мың 600 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылған. Оның 7 мың 840-ы инженерлік бағыттарға, 2 мың 685-і ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына бөлінеді. Биыл облыста 13 мыңнан астам түлек оқуын аяқтайды. Олардың кемінде 83 пайызын жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81 пайыз болған. 12 мың 619 түлектің 10 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бөлісу