Негізгі Жаңалықтар БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Шымкентте еңбек нарығындағы оң динамика сақталуда. Қазір қаладағы жұмыссыздық деңгейі - 4,6 пайыз. Ал жастар арасындағы көрсеткіш бұдан да төмен - 1,8 пайыз.


Мегаполисте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Жастар практикасы», қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары мен жаңа бизнес идеяларға арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттар – жас мамандарға еңбек нарығына енуге мүмкіндік беретін негізгі тетіктердің бірі. Ал жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы байланысты күшейту мақсатында 22 қыркүйекте «Көрме» орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар 2025 жылы 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алған азаматтар өз өнімдерін ұсынып, кәсіпкерлік жобаларын таныстырады. Жәрмеңкеге еңбек күші тапшы өңірлердің өкілдері де келеді. Абай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарынан келген делегациялар Шымкент тұрғындарына өңіраралық жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұсынады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Бұл жерде олар қабылдаушы өңірлердің мүмкіндіктерін таныстырады. Ерікті қоныс аудару кезінде мемлекет тарапынан және жергілікті қорлар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік шаралар туралы ақпарат береді.

Бөлісу