Негізгі Жаңалықтар СТАДИОН СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 60 МЫҢ ОРЫНҒА АРТАДЫ

СТАДИОН СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 60 МЫҢ ОРЫНҒА АРТАДЫ

Шымкентте салынып жатқан жаңа футбол стадионының сыйымдылығы артады. Бастапқыда 35 мың көрерменге есептелген арена енді 60 мың орынға дейін кеңейтіледі. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттарға өзгеріс енгізілмек.


Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, стадион құрылысының бас мердігері ауысып, жоба қайта қаралған. Нысанды бұған дейін Qazaq Stroy компаниясы салса, енді құрылыс жұмыстары INTEGRO CONSTRUCTION компаниясына сеніп тапсырылмақ. Жаңа жоба бойынша арена 60 мың көрерменге шақталады. Бұл ретте бюджеттен 35 мың орындық стадион құрылысына қарастырылған қаражат көлемі сақталады. Ал қосымша 25 мың орынға қажетті шығынды жаңа мердігер компания өз міндеттемесіне алмақ. Стадионды кеңейту арқылы нысанды халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды өткізуге бейімдеу көзделіп отыр.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Заманауи тенденцияларды ескере отырып, біз стадионның көлемін 35 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғайтуды ұйғардық. Заман талабы. Күні кеше Қырғызстандағы 51 мыңдық стадионды көрдіңіздер. УЕФА деңгейіндегі үлкен жарыстарды өткізетін болсақ, ондай стадионның көлемі 50 мыңнан кем болмауы керек. Сол себепті Шымкент қаласындағы стадионды 60 мыңға дейін ұлғайтуға шешім қабылдадық.


Бөлісу