Негізгі Жаңалықтар ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЫ 81 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЫ 81 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

Шымкентте жыл басынан бері 25 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына тартылды. Бұл – жылдық жоспардың 81 пайызы. Жыл соңына дейін тағы мыңдаған азаматты жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.


2026 жылы мегаполисте 31 мың 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазірдің өзінде 25 мың 390 тұрғын мемлекеттік қолдауға ие болып, оның 15 мың 519-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Тұрғындарды жұмыспен қамтумен қатар, кәсіпкерлікке баулу жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 3 мың 900-ден астам адам арнайы курстарға қатысса, 2 мың 600-ден астамы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. Кәсіпкерлікті қолдау бағытында да жоспар артығымен орындалған. 2 мың 500-ден астам адамды қамту көзделсе, нақты көрсеткіш 2 мың 700-ден асты. Ал әлеуметтік осал топтарға жаңа бизнес бастау үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 400 қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 103 азамат грант алып, кәсібін бастауға мүмкіндік алды.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
2026 жылға 31 398 адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда нақты 25 390 адам жұмысқа тартылды. Бұл – 81 пайызды құрайды. Осы 25 390 адамның 15 519-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін қалған 19 пайызды жұмыспен қамту бойынша біз міндетті түрде жоспарды орындайтын боламыз және тиісті шараларды атқаратын боламыз.



Бөлісу