Негізгі Жаңалықтар ОТБАСЫ БАНКТІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

ОТБАСЫ БАНКТІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

ОТБАСЫ БАНКТІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

Үй іздеген тұрғын енді құрылыс компаниясы мен банк арасында сабылмайды. Баспананы таңдау, қаржыландыру шарттарын білу және несие рәсімдеу мәселесін бір жерден шешуге мүмкіндік бар. Шымкентте «Отбасы банктің» жаңа кеңес орталығы жұмысын бастады.


 Сәулетімен көз тартатын бұл ғимарат – Pioneer Group компаниясының жаңа нысаны. Көпқабатты тұрғын үй кешендерін салатын компания кеңсесінде енді «Отбасы банктің» мамандары да қызмет көрсетеді. Яғни, тұрғын бір жерден болашақ баспанасын таңдап, екінші жағынан қаржылық мүмкіндігін саралай алады.


ДӘУРЕН САУДАБАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жаңа офис ашылып жатыр. Осы жерде біздің кеңес орталығымыз болады. Бұл жерде тұтынушы толық мағлумат ала алады. Бірінші құрлыс компания арқылы ақпарат алып біздіңі консультанттарға жүгіне алады.


ШЫҢҒЫС АБДИЕВ, PIONEER GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Біз әртүрлі салада жұмыс істейміз. Төрт жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп келе жатырмыз. Бұл біздің үшінші жоба. Бірінші Гагарин парк, Пионер сити бар, олық толық берілді. Қазір 100 мың шаршы метр Бик Тұлпар деген


Жаңа орталықтың алғашқы келушілерінің бірі – Венера Нұрмағанбетова. Ол үш жылдан бері «Отбасы банктің» салымшысы. Жинағын толықтырып, 50/50 бағдарламасы арқылы тұрғын үй кешенінен баспана алуға мүмкіндік тапқан. Бүгін ол көптен күткен үйінің кілтін алмақ.


ВЕНЕРА НҰРМАҒАНБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Отбасы банк ұжымымен жұмыс істеп депозит ашып балалардың болашағы үшін әрекет етіп жатырмын. Кеңес берген Гүлнар ханымға рахмет. Қазір 50-50 бағдарламамен үй алып жатырмын. Бүгін үйдің кілтін алайын деп отырмын.


Pioneer Group – 2007 жылдан бері құрылыс саласында еңбек етіп келе жатқан қазақстандық девелоперлік компания. Шымкентте бірнеше тұрғын үй жобасын жүзеге асырған. Енді құрылыс саласындағы қызмет пен банк кеңесін бір арнаға тоғыстырып, тұрғындарға баспана мәселесін бір жерде шешуге мүмкіндік бермек.




Бөлісу