40 ОТБАСЫ БАСПАНА КІЛТІН АЛДЫ
Көптен күткен баспанаға қол жеткізгендердің қуанышы еселенді. Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Қала әкімі қоныстой иелерін құттықтап, баспана кілттерін табыстады.
Динара Көсенова да көптен күткен үйіне қол жеткізді. Мемлекеттік қызметкер ретінде 2014 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған ол араға 12 жыл салып, Асар-2 шағынауданынан баспаналы болды. Қазір декреттік демалыста отырған ана үшін бұл – ерекше қуаныш.
ДИНАРА КӨСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2014жылы мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегіне тұрдым.Қазіргі таңда декреттегі анамын өте қуаныштымын.
Жаңа пәтерлерде жайлы өмір сүруге қажетті инженерлік инфрақұрылым қарастырылған. Қоныстойын тойлаған тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Бүгіңгі таңда 40 отбасыға кілт табыстау рәсімін бастағалы тұрмыз.Азаматтар арасында көпбалалы ана,мүгедек асыраушы отбасылар және мемлекеттік қызметкерлерге табысталды.
Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазір қала бойынша 96 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін Асар-2 және Бозарық шағынаудандарындағы жаңа үйлерден де пәтер беру жоспарланған.