Негізгі Жаңалықтар ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі. Ал оны берік ұстаудың жолы қандай? Бұл сұрақ Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де өткен тағылымды басқосуда кеңінен қозғалды. Ел ағалары жастармен кездесіп, отбасы құндылығы, ұлттық дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісті.


ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ
 Өздеріңіз білесіздер 1 шілдеден бастап жаңа конституция қабылданды.Жаңа конституцияда бізде арнайы отбасы туралы бап бар.Онда барлығы жазылған.Сондай-ақ бізде 8-ші шакырылым депутаты болған кезде елбасымыз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев  тапсырмасы бойынша отбасы бойынша заңға өзгеріс еңгіздік


 Аға буынның өмірлік тәжірибесі – жастарға бағыт-бағдар. Кездесуде ел ағалары отбасыдағы жауапкершілік пен сыйластықтың маңызына тоқталып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың мәнін түсіндірді. Студенттер де көкейдегі сауалдарын қойып, үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ асты.


САНЖАР ҚОНЫСБАЙ, 4-КУРС СТУДЕНТІ
 Бүгінгі іс-шара маған өте қатты ұнады. Бұл іс-шарада отбасылық құндылықтар мен міндеттерімізді қызбаласына, ербаласына жүктелетін міндеттерді толық меңгеріп шықтық. Алдағы уақытта осы міндеттерді ескере отырып болашақта өз жарымызды табамыз деген ойдамын.


 Отбасы құндылығы – қоғамның берік негізі. Сондықтан басқосуда ажырасу мәселесі, отбасындағы жауапкершілік пен өзара түсіністік те назардан тыс қалмады. Ардагерлер жастарға шаңырақ көтерудің ғана емес, оны сақтап қалудың да жауапкершілігі зор екенін жеткізді.


 КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі таңдағы республика көлеміндегі ең өзекті мәселенің бірі ол отбасы саясаты болып табылады.Өйткені үйлену оңай үй болу қиын деген сөздің мағынасын алатын болсақ үйлене саласыңда ертеңгі күні ажырасып кетіп жатқан республика көлеміндегі көрсеткіш бүгінгі таңда 50 пайыздан асып бара жатыр.Ал Солтүстік облыстарда тіптен 80 пай жетіп жатса,Шымкентте 30 пай құрап тұр.Әрине бұл нәрсе сан үшін цифр үшін айтылып жатқан жоқ,мұның артында үлкен мәселе тұрғанын өздеріңізде білесіздер.


 Ұлттық тәрбие мен отбасылық өнегені ұштастырған жиында ұрпақтар сабақтастығының маңызы айқын көрінді. Жастар аға буын өкілдерінен өмірлік тәжірибеге негізделген ақыл-кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап тапты.


АСЫЛХАН ҚАЛДАРБЕК, 4-КУРС СТУДЕНТІ
Жалпы отбасы құндылықтары қазіргі кезде сыйластық сүйіспеншілікке негізделетін болса онда біздің қазіргі кездегі негізгі жастар арасында өзекті мәселелеріміз отбасы құудағы қателиктер немесе кейбір ажырасу сияқты мәселенің алдын алуға болатын сияқты сондықтанда осындац іс-шараның универ қабырғасында болуын жастар арасынан қолдаймын.


Тағылымды әңгіме жастарға ой салып, отбасы құндылығын бағалауға үндеді. Аға буынның өнегесі мен жас ұрпақтың ізденісі тоғысқан кездесудің негізгі өзегі де – берік отбасы мен тәрбиелі ұрпақ.

Бөлісу