«SAIGA STARTUP ARENA» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Идея бар. Енді оны бизнеске айналдыру керек. Шымкентте жас кәсіпкерлердің басын қосқан «Saiga Startup Arena» республикалық стартап байқауы басталды. Елдің әр өңірінен келген 20 команда өз жобаларын сарапшылар мен инвесторлар алдында таныстырып, үздік идеяны анықтауға таласады. IT, экология, білім және өндіріс саласындағы тың жобаларға қолдау көрсетілмек.
«Saiga Startup Arena» - жас кәсіпкерлер үшін идеяны пысықтап, оны нақты жобаға айналдыруға мүмкіндік беретін алаң. Қатысушылар өз стартаптарын сарапшылар мен инвесторларға таныстырып, тәжірибелі кәсіпкерлерден кеңес алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда бастысы - тек жақсы идея емес, оны жүзеге асыратын нақты жоспар мен табандылық.
ЕРСҰЛТАН САПАРӘЛІ, СТУДЕНТ
Бүгін бизнесмендер бізге өзінің жасаған, басынан өткен оқиғаларын немесе идеяларын проектерін айтады. Біз соны олардың орнына қойып, өңдейміз ғой бір сөзбен айтқанда. Капитал ол әрине керек бірақ ол капиталға ғана байланысты емес, өзіңіздің идеяңызға және реализацияға байланысты. Бұл жерде тек мотивация емес дициплина керек.
НҰРИЛА ТӨЛЕГЕН, СТУДЕНТ
Мұндай алаңда студенттер бизнеспен стартап, технология және инвесторлармен араласуға мүмкіндік алады. Соңғы уақытта университетте цифрландыру дамып жатқанына көзім жетті. Жасанды интелектке оқу үдерісін қосу және басқада жасанды интеллектерді жақсы жағынан дамып жатырмыз. Мұндай жобалар көбейген сайын студенттер мотивация алады жаңа идеялар мен жаңа жобалар алып бізде осындай іс-шаралар көбейетін болады.
Байқау аясында білім, технология және бизнес бір алаңда тоғысты. Университет базасында стартап жобаларды дамытуға қажетті IT-хаб, коворкинг орындары мен техникалық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл жас кәсіпкерлерге өз идеясын сынақтан өткізіп, оны одан әрі дамытуға жол ашады.
ЖАҢЫЛ БЕКМУРЗАЕВА, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Бұл іс-шараның басты мақсаты білім, технология және бизнесті бір алаңда ұштастыру, жүйелендіру. Біздің тарапымыздан инжинерлік техникалық хабымыз бар. Каворкинг орындар бар. Барлық материалды техникалық база бойынша жабдықталған. Кез келген стртап идеяларыңыз болсын іс-шара болсын оны қолдауға немесе оны осы ортады жүзеге асыруға ашықпыз.
Байқауға 40 команда өтінім берген. Оның ішінен үздік деп танылған 20 жоба іріктелді. Ал шешуші кезең IT саласының көшбасшысы «Яндекс» компаниясының бас кеңсесінде ұйымдастырылып, стартаперлер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында қорғайды.
РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Бұл жерде құрылған стартап командалар мен жұмыс істеп жүрген мықты компаниялар барлығы осы алаңда біріктіріліп ауқымды республикалық стартап байқау өткізіп жатырмыз. Бұл жерде мықты менторлер, мықты инвесторлар мықты кәсіпкерлер әр өңірден келіп отыр. Қарағандыдан, Астанадан, Ақтөбеден парасат компания барбарлығы бірлесіп осындай стартап арена атауымен байқау өткізіп жатыр. Біздің университет ІТ хаб ашқанбыз. Жаңа стартаптарды өткізу, үйірмелерді өкізу. Осындай эко системаны жинап жатырмыз. Мызты идеяларды жинап жатырмыз. Мұны ұлттық ауқым деп айтсақ болады. Инвесторлармен байланыс бұл, өңірлік даму және стартаптардың санын арттыру.
Шымкенттен басталған стартап додасы Қарағанды мен Ақтөбеде жалғасады. Байқау қорытындысында үздік жоба авторына 7 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады. Ұйымдастырушылар мұндай жобалар арқылы өңірдегі стартап экожүйесін дамытып, жас кәсіпкерлерді жаңа мүмкіндіктерге жолықтыруды көздейді.