Негізгі Жаңалықтар ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ

Әділетті қоғамды қалыптастыруда шын сөздің орны қандай? Осы мәселе бүгін қаладағы ардагерлер ұйымының кезекті пленумында кеңінен қозғалды. Жиында Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шынайы сөз» атты кітабындағы негізгі ойлар талданып, еңбекті ел арасында кеңінен насихаттау жолдары сөз болды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл еңбегі – еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезеңдерді қамтитын жинақ. Кітапта ел дамуы, қоғамдық келісім, заң үстемдігі, әділеттілік пен азаматтардың жауапкершілігіне қатысты өзекті ойлар қамтылған. 5 мыңға жуық тиражбен жарық көрген еңбекте 21 тақырып қамтылып, әрқайсысына жеке мән берілген.


БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бірінші кезекте  мемлекет басшысы терең ойлы пікірлердің ішінде мемлекеттік қызметке келген күннен бастап осы елмізде әділетті қоғам оның ішінде заң мен тәртіп, қоғамның тежеуіші сыбайлас жемқорлықтан айыру, қоғамның экономикасының қозғаушы күші еңбек адамының құқығына оның әсері тура көп мәселеге тоқталған.


 Әділет, заң мен тәртіп, азаматтық жауапкершілік. Пленумда осы құндылықтарды қоғам санасына сіңірудегі аға буынның рөлі де айрықша аталды. Себебі ардагерлер – елдің өткені мен бүгінін сабақтастырып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар бере алатын тәжірибелі буын.


БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Шын сөз жетістікті асырып көрсету емес, кемшілікті мойындап оны түзетуге ұмтылу. Ал әділетті қоғам проблемасы жоқ қоғам емес. Әділетті қоғам проблемасыз заң аясында өркениетті жолмен шешуі қабілетті қоғам. Сот саласында ұзақ жыл еібек еткен адам рерінде мен бір нәрсеге кәміл сенемін. Заңның күші тек оның  мәтінінде емес, оның орындалуына әділ тәжірбиесінде.


Жиынға қатысушылар кітапта көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап, әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттауға ниетті екендерін жеткізді.


Бөлісу