ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ
Шымкенттік мергендер халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады. Үндістанның Ахмедабад қаласында ұйымдастырылған пара садақ атудан Әлемдік пара сериясында Қазақстан құрамасы сапындағы шаһар спортшылары алтын және күміс медаль еншіледі.
Командалық сайыста Жанат Айтимова мен Айзада Сейдан жұбы мергендік шеберлігін дәлелдеп, қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде шымкенттік спортшылар жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.
ЖАНАТ АЙТИМОВА, СПОРТШЫ
Жалпы өте қызық болды.Турнир оңай болған жоқ дегенмен біз елдің намысын қорғап шықтық. Қазақ еліне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бұл тек бастамасы ғана,алда Азия параойындары бар,жаттығуды жалғастырамыз.
Ал жекелей сында бақ сынаған Айзада Сейдан да жүлдесіз қалған жоқ. Ол шешуші кезеңде Паралимпиада чемпионына небәрі бір ұпай айырмашылығымен есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.
ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін күнде өте керемет іс-шара болғалы тұр.Мынау Үндістан еліне барып, біздің екі садақшыларымыз жүлделі орын және командалық орын алып келіп жатыр.Бүгінгі таңда тарихи жағдай деп айтсақта болады.
Осылайша, Шымкент спортшылары халықаралық бәсекеден қос жүлдемен оралды. Енді мергендер алдағы Азия параойындарына дайындықты жалғастырып, көк туымызды биікте желбіретуді көздейді.