ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкенттегі экологиялық ахуалға қатысты қандай шаралар қолға алынуда? Бүгін жауапты сала мамандары қаладағы ауа сапасы, өндірістік қалдықтар және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды баяндады. Әсіресе, соңғы уақытта әлеуметтік желіде жиі көтерілген жағымсыз иіс мәселесіне назар аударылды.
Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы экологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау үшін мониторинг жұмыстары күшейтілген. Табиғи ортаның жай-күйі зерделеніп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.
ЕРМАХАН ТАСТАНБЕКҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Негізгі мәселе қаладағы экологиялық жағдай және соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шығып жүрген жағымсыз иіске байланысты өзіміздің жұмысызды сіздерге ақпарат беріп өтуді жөн көрдік.
Атмосфералық ауаның сапасын бақылауда оның құрамындағы зиянды заттардың мөлшері де маңызды. Осыған байланысты мамандар ластаушы заттардың деңгейін төмендету және қаланы көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
ЕРКЕМАЙ ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Автоматтандырылған бекеттіміз Самал мен Нұрсатта орналасқан. Ол жерде бізде күкірт сутегімен күкірт диокциді және азон көрсеткіштері анықталады.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде санитариялық бақылаудың да маңызы зор. Елді мекендерге жақын орналасқан өндірістік нысандардан сынама алу үшін арнайы бақылау нүктелері белгіленген.
АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шымкент қаласындағы атмосфера ұйымдастырылған іс шара ластау болып табылатын обьект шығындарын.Санитариялық эпимолог мониторинг жүргізу мақсатында елді мекендерге жақын орналасқан өндірістік обьекттілерінен сынама алу үшін 87 бақылау нүктесі және 14 күндізгі бақылау нүктелері белгіленген.
Осы бағыттағы мониторинг пен бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Сала мамандары қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.