ШЕТЕЛДЕ QR-МЕН ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
Шетелде QR-кодпен төлем жасауға болады. Ұлттық банк қазақстандықтарға шетелде өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр.
Қазір 11 елмен трансшекаралық QR-төлемдерді іске қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан мен Өзбекстан бар. Қытайда бұл жүйені 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қалған бағыттардың басым бөлігі бойынша алғашқы төлемдер 2027 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болуы мүмкін. Жүйе іске қосылса, қазақстандықтар шетелдегі дүкен немесе мейрамхананың QR-кодын өз банкінің қосымшасы арқылы сканерлеп, төлем жасай алады. Сондай-ақ шетел азаматтарынан QR-код арқылы Қазақстанға ақша қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Трансшекаралық төлем үшін алынатын комиссияны әр банк өзі белгілейді.