6 ОТБАСЫ РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
Көксай шағынауданындағы тозығы жеткен үйлерде тұрған алты отбасы жаңа баспанаға ие болды. Енді тұрғындар Тұран және Шымкент сити шағынаудандарындағы заманауи көпқабатты үйлерге көшеді. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
Тар бөлме, ескі үй, қолайсыз жағдай. Қаршыға Алимова осындай баспанада он жылға жуық тұрды. Бүгін оның бұл қиындықтары артта қалды. Қуаныштан көзіне жас алған ақжаулықты әже Тұран шағынауданынан бір бөлмелі пәтердің кілтін алды. Жаңа баспанада барлық жағдай жасалған.
ҚАРШЫҒА АЛИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Үйде көп жылдан бері тұрдым. Он жылға жақындап қалды. Құдайға шүкір үй жаманболмады,енді авариная состояниеде болғаннан кейін халыққа берген әкімдіктердің үкіметке рахмет. 24 шаршы метрболды. Ол жақта 41 шаршыметр. Ол үй өте тамаша. Барлық жағдай жасалған. Маған өте ұнады. Біз сияқты кемпірлерге кіріп шығуға жақсы жер.
Көксайдағы ескі үйлердің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Өткен ғасырдың ортасында салынған апатты ғимараттар сүріліп, орнына жаңа нысандар бой көтереді. Ал тұрғындарға берілетін пәтерлер «бөлмеге бөлме» қағидаты бойынша үлестіріледі. Яғни ескі үйдегі бөлме саны жаңа пәтерде де сақталады.
РУСЛАН СЕРІКБАЕВ, «SHYMKENT» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бағдарламаға сәйкес бөлмеге бөлме беріледі. Ол жерде мысалы беріп жатқан пәтерлердің көлемі мысалы екі бөлмелі пәтердің 60 квадрат болса бұл жерде 30/40 квадрат. Үстіндегі 20 шаршы метрі тегін беріледі.
Көксай шағынауданын дамыту үшін арнайы жол картасы бекітілген. Жоспарға сәйкес, мұнда тозығы жеткен 23 үй апатты деп танылған. Қазір оның 14-і сүрілді. Алдағы уақытта олардың орнына инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, заманауи әлеуметтік нысандар салынады.