Негізгі Жаңалықтар ҚАЗАҚ САТИРАСЫ – ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

ҚАЗАҚ САТИРАСЫ – ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

ҚАЗАҚ САТИРАСЫ – ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

Белгілі жазушы, сатира саңлағы Мұхтар Шерімнің «Адамға ұқсаған адам» атты еңбегі шетелде жарық көрді. Шекара асып, әлемдік кеңістікке бет алған туынды енді 20-дан астам мемлекетке тарайды. Оқырманды адамгершілікке үндейтін шығармада қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалған.


 «Адамға ұқсаған адам».Екі бөлімнен тұратын бұл туынды оқырманды терең ойға жетелейді.Жазушы оқиғаны өткір сын садағына ала отырып шебер суреттейді. Қаламгердің ұшқыр ойы тіпті шетелдіктердің де көңілінен шығып, баспагерлер кітапты ағылшын тіліне аударуды өздері ұсыныпты.Алғаш Пәкістан елінде жарық көрген шығарма енді әлемдік аренаға жол тартады.


МҰХТАР ШЕРІМ, ЖАЗУШЫ-СЫҚАҚШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
Адам, бірақ адамға ұқсайтын адам.Өзіңіз түсініп тұрсыз ғой, мұны «мақтамен бауыздау» дейді.Сөйтіп оның файлын әуелі аудармашыға жібердім.Олар ұнаса ғана аударатындарын айтты.Менің кітабым көңілдерінен шығып, тағы басқа да шығармаларды баспада шығаруға ұсыныс білдірді.Шетелдік оқырмандарды қазақы қалжыңмен, қазақи сатирамен таныстырғаныма өте ризамын.


 Салтанатты кешке қатысқандардың қарасы қалың. Жиында кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар қайраткер жазушының еңбегін жоғары бағалады.Елдің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қаламгерге жылы лебізін арнады.


 АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Пәкістанның өзі автордан аттай қалап алып, тегін жарыққа шығарып отыр.Бұл кісінің өзі де басында таңғалған.Олар Мұхтар ағаның оқырманы көп екенін айтып, зерттеу жүргізіп, еңбегіне ақы алмай шығармасын басып шығарған.Автордың қолына азғантай данасын берген.Бұл елдегі ерекше, жарқын жаңалық болып отыр.


Снайпер сатирик Мұхтар Шерімнің туындылары сахнада да ойып орын алған.Танымал әзіл-оспақ театрлары жазушының шығармасы желісінде қызықты қойылымдар қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген.


ЖҮСІП АҚШОРА, АКТЕР, ӘЗІЛКЕШ
Мұхтар ағамызбен бұрыннан шығармашылық байланыстамыз.Ең алғаш біздің «Шаншар» театры болып қалыптасуымызға үлкен үлесін қосқан кісі.Алматыға бізді алып барып, «Тамаша» теледидар театрындағы хабарына қатыстырған.Бұл кісінің бірнеше еңбегін сахнада қойдық.Нұржан Төлендиевпен бірге ойнаған «Әкімнің кластасы» деген қойылым бар.Оның бәрін ел біледі.


 Қазір қалада «KITAP TIME» атты республикалық фестиваль өтіп жатыр.Ауқымды акция аясында өткен бұл әдеби кешке әкімдік пен мәдениет басқармасы мұрындық болды.


МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Біз қаламгерлеріміздің еңбегін насихаттап, жастарға жеткізуіміз керек.Мемлекет басшысы зерделі, кітап оқитын ұлт қалыптастыруды тапсырды.Бүгінгі кеш соның аясында ұйымдастырылып отыр.


Жазушы бір жыл ішінде бес кітап жазып, оқырманына тың туындылар ұсынды. Сатира саңлағы сыни жанрда шығарма жазуды жалғастыратынын айтады.

Бөлісу