Негізгі Жаңалықтар КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғаған спортшыларға арнайы құрмет көрсетілді. Өңір басшысы жеңімпаздарды айтулы жетістіктерімен құттықтап, марапаттарды салтанатты түрде тапсырды. Облыс әкімі бұл жеңістің өңірдегі ұлттық спорт түрлерін өркендетуге және жас спортшылардың жігерін жанып, жаңа белестерді бағындыруына үлкен серпін беретінін атап өтті.


Дүбірлі халықаралық дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп, оның салтанатты жабылу рәсімі Шолпан-Ата қаласындағы атшабарда ұйымдастырылған еді. Көшпенділер ойынында еліміздің спортшылары  олжамен оралды. Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысының спортшылары да бар. Олар ел қоржынына 17 медаль салды. Оның 9-ы алтын, 4-еуі күміс және 4-еуі қола медаль. Жалпы алтын жүлденің 9-ы, яғни, 28 пайыздан астамы – Түркістан облысының спортшыларының еншісінде.


ҚАНАТ БАҚТЫБАЙ, VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Теңге ілу спортынан Қазақстаннан жалғыз спортшы шықты.Мен енді салмақ мойында көп болды. Қатты қобалду болды. Бірақ қарқынды дайындалып жеңімпаз атандық.


СЫРЫМ ІЗБАСАРОВ, VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Қазіргі таңда облысымыздың әкімі Нұралхан Көшеров құрметтеп Түркістан облысынан шыққан спортшыларды шақырып сыйақысынберіп рахметін айтып жатыр. Біз ұлттық спорттың дамуына әлі үлесімізді қосамыз. Мен 17 жылбекер жүрмеппін. Оны елбасынан орден тағу мен үшін тарихта қалатын жай. Еңбегіміз бағаланды.


 ҰЛЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ, VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
 Өте қуаныштымын. Президентімізге алғыс айтамын. Бізді қолдап, еңбегімізді бағалап бізге сый сияпат беріп мадақтап беріп жатқанына. Мен Қазақстан атынан 65 келіде жалғыз қыз болып шықтым. Қазақстан абыройын қорғау үшін барынша күш жігерімді салып тырыстым.


 Жиында халықаралық додада жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаттары мен ақшалай сертификаттары табысталды. Бірінші орын иегерлеріне 500 мың теңгеден, екінші орын алған спортшыларға 300 мың теңгеден, үшінші орын иегерлеріне 200 мың теңгеден берілді.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сіздер ел сенімін ақтап, Мемлекеттік Туымызды көкте желбіреттіңіздер. Осы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! 100-ден аса мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысқан дүбірлі сынға өңірімізден 21 спортшы қатысып, 17 медаль еншілеп отырсыздар. Оның ішінде Қазақстан қоржынына 9 алтын медаль салдыңыздар. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш екенін ерекше атап өткім келеді. Сіздерге, бапкерлеріңіз бен ата-аналарыңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз ұлттық спортты дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз.


VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден аса мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жалпы есепте 1-орын иеленіп, 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль бар.


Бөлісу