Негізгі Жаңалықтар ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА САЙЫСЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА САЙЫСЫ

 Салауатты өмір салты – отбасынан басталады. Түркістан қаласында «Бәйге» жобасы аясында Спорт күніне орай эстафеталық ойын өтті. «Ата-ана – тірегім, бала жүрегім» тақырыбындағы отбасылық сайыста №32 мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге ептіліктерін сынады.


Эстафетаға қатысушылар 4 топқа бөлініп, 5 ойын түрінен жарысты. Сайысқа ата-аналар мен балалары белсене қатысып, өздерінің  шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтары мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар жарыс барысында бір-біріне қолдау көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Отбасылық ойын оқушылар арасында салауатты өмір қалыптастыру және спортты насихаттауға бағытталған.


АҚЕРКЕ ӘЛІМБАЙҚЫЗЫ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Алғаш рет қатысып жатырмын. Өте қызықты тартысты болып жатыр. Негізі бұл іс-шара жақсы ұйымдастырылып жатыр. Балалардың денсаулығына, жалпы болашаққа, жылдамдықты, шапшаңдықты дамытатын ойындар ғой негізі. 

Бөлісу