СТУДЕНТТІК БИЛЕТ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістанда жаңа оқу жылы студенттер үшін ерекше көңіл-күймен басталды. «Жарқын болашаққа қадам» атты дәстүрлі салтанатты кеште бірінші курс студенттеріне студенттік билеттер табысталды. Жас буынды қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құттықтап, білім мен ізденістің биігін бағындыруға жігерлендірді.
Түркістан – жастар қаласы. Бүгінде шаһарда 14 пен 35 жас аралығындағы 81 мыңнан астам жас бар. Бұл қала халқының 32,8 пайызын құрайды. Қаладағы 3 жоғары оқу орнында 12 мыңға жуық, ал 8 колледжде 10 мыңнан астам студент білім алады. Алғаш рет студент атанған жастарды қала әкімі құттықтап, білімге ұмтылыс, үздіксіз ізденіс пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз жастарды тек жұмыс іздеуші ретінде емес, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкер, жаңа технологияны енгізетін білікті маман, қоғамның дамуына үлес қосатын белсенді азамат ретінде көргіміз келеді. Сондықтан әр жастың сапалы білім алып, өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау – маңызды міндет.
Жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасып келеді. Биыл жоғары оқу орындарын шамамен 4 мың, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 2 мыңнан астам жас тәмамдады. Олардың 1700-ден астамы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және өзге де бағдарламалар арқылы тұрақты еңбекке орналасты.
ШОХАН ТОЙМАХАН, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі іс-шараға негізі 2 мыңға жық студентіміз қатысып жатыр. Ол стденттер тек биылғы бірінші курс студенттері ғана. Бұл орысша айтқанда посвящение дейміз ғой яғни студенттің алғашқы оқу орнына қабылданғандығы. Стденттер алғашқы бірінші курсқа түскендіктен бір-бірімен аралассын, президентіміздің Таза Қазақстан акциясы бар одан кейін заң мен тәртіп соның барлығын қалыптастыру және түсіндіру негізгі мақсат.
Көңілді кеш концерттік бағдарламаға ұласып, жас студенттердің жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына серпін берді.