ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәртебесі тексеріледі. Талапқа сай келмейтіндер кезектен шығарылуы мүмкін. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
«Отбасы банк» тұрғын үй бөлу жүйесін толық цифрландыруда. Енді азаматтардың мәртебесі мемлекеттік дерекқорлар арқылы автоматты түрде тексеріледі. Бүгінде ел бойынша баспана кезегінде 1 миллионға жуық азамат тұр. Өзгерістің мақсаты – тұрғын үй бөлудегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету. Кезектегі азаматтар мен баспанамен қамтылғандар туралы ақпарат арнайы цифрлық платформада жарияланады.