Негізгі Жаңалықтар «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Әділетті қоғам, адал ұрпақ, ел дамуы. Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы таныстырылды. Еңбекте қоғамның өзекті мәселелері мен елдегі реформалар қамтылған.

Кітаптың мазмұны мен негізгі идеялары Орталық Азия Инновациялық университетінде талқыланды. Жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысып, әділеттілік пен шыншылдық құндылықтарының маңызын сөз етті.

 НҰРЛАН ХАЙДАРОВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
 Бұл кітаптың ішінде 21 тараудан тұрады. Оның ішінде «Жаңа Қазақстан», әділетті, адал ұрпақ тәрбиелеу – басты тақырыптардың бірі.

Кездесуде студенттер де белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Ғалымдар еңбектің жас буынға берер тәрбиелік мәніне тоқталды.

ЕРЛАН ОҢЛАСЫНОВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
 Бүгін біздің ұжым мүшелерімен бірге студент қауымына еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының әділетті Қазақстан аясында түсірме жұмысын жасадық.

Жиын соңында кітаптың даналары университет кітапханасына табысталды. Еңбекті студенттер арасында насихаттау жұмыстары жалғасын табады.




Бөлісу