Негізгі Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНЕН КӨШ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНЕН КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында өңірдің экономикалық индикаторы 121,9 пайызды құраған. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды.


Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 20 мәселе қаралды. Оның ішінде облыс әкімінің есебі тыңдалып, ветеринария, білім, жолаушылар көлігі салалары бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Сондай-ақ, Қазығұрт, Түлкібас және Төлеби аудандарының әкімдері қазынадан бөлінген қаражаттың есебін берді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Мемлекет басшысы білім саласына қатысты бірнеше сын-ескертпе айтты. Биылдан бастап аудан білім бөлімдері аудан әкімдеріне қайта өтетін болады. Әрине, әлі де өзекті мәселелер бар.Оны бір күнде шешу мүмкін емес.Бірақ, бірлесе шешіп келеміз.Ары қарай да мұны іске асырамыз.


Өңір басшысының айтуынша, экономикалық көрсеткіштің жоғарылауы –атқарылған жұмыстың нәтижесі. Алдағы міндет – осы қарқынды сақтап, аймаққа инвестиция тарту, инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асыру.


 ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Құрылтайға дауыс беру кезінде облысымыз республикада көш бастады.Бұл дегеніміз түркістандықтардың елдің ертеңіне сенімі бар, Мемлекеттік саясаттың өңірде жүзеге асып жатқанының нақты көрсеткіші деп білемін.


Жиында түйткілді мәселелер назардан тыс қалмады. Сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Бөлісу