Негізгі Жаңалықтар МЕДИЦИНАДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ

МЕДИЦИНАДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ

Бүгін «Әділет» партиясының өкілдері  № 6 қалалық емхана ұжымымен кездесті.Жиында қатысушылар цифрлық технология жайын талқылады. Ақ халаттылар саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын айтты.


Елде медициналық қызмет көрсету сапасы әрдайым назарда. Тұрғындар алғашқы көмекті артық әуре-сарсаңға түспей алуы қажет. Бұл үшін қабылдау жүйесін жақсартып, емдеуді жетілдіру маңызды. Аталған мәселені шешудің жолы бар. Ол цифрландыруды дамытып, профилактикаға ден қою.Бүгінгі өткен жиында партия өкілдері алда атқаратын шаруалар жайын айтып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптарға тоқталды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Денсаулық сақтау саласы бірінші орында болғандықтан, дәрігерлермен жолықтық.Сайлауалды бағдарламада айтылған оңалту және перинаталдық орталықтардың салынуы бойынша сөз қозғадық.


Электронды қызмет ұзын-сонар кезекті азайтып, асқынудың алдын-алады. Науқас ақпаратқа қиындықсыз қол жеткізіп, сапалы ем қабылдайды. Медициналық мекеме мамандары бұл тұрғыда атқарып жатқан жұмыстарды айтты.


 ЗӘУРЕ ОРАЛБАЕВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ
 Симуляциялық орталықтарды ашу, жұмысты жүйелеу, жаңа технологиямен қамтылу мәселесі мен партияның мақсаты бір-біріне сәйкес.Сондықтан бұл жұмыстар ары қарай да өз жалғасын табады.


Партия елде 1 миллион жұмыс орнын құруды көздеп отыр. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын еселеп, 5 миллион қазақстандыққа жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйретпек. Жиында айтылған талап-тілектер ескерусіз қалмайды. Партиялықтар түйткілдерді шешіп беруге алдағы уақытта атсалысатындарын айтады.


Бөлісу