АУРУХАНА ЖӨНДЕЛУДЕ
Созақ ауданындағы денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Шолаққорған ауылындағы аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасына қатысты бірқатар ескерту жасады.
Құны 4,1 млрд теңге болатын жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен іске асуда. Құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Мердігер компания өкілі нысандағы жұмыстардың белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқанын баяндады. Облыс әкімі жөндеу сапасымен қатар, ғимараттың қауіпсіздігі мен қолайлылығына да мән беруді тапсырды. Әсіресе кіреберіс аумақта тайғанамайтын материал қолдану қажеттігін ескертті.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кіреберіске жылтыр кафель қойып, ертең адам құлап жүрмесін. Кафель емес, гранит төсейсіңдер. Соны келісіп алайық.