ТЕМІРЖОЛ ТАРИФТЕРІ ҚЫМБАТТАЙДЫ
21 қыркүйектен бастап «Қазақстан темір жолы» магистральдық желіні пайдаланғаны үшін алынатын тарифті көтереді. Жаңа мөлшерлемелер Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұйрығымен бекітілген.
Құжат бойынша келесі жылы құн 23-24 пайызға артады. Алдағы уақытта жүйеге кезең-кезеңімен өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл жаңалық жүк тасымалымен айналысатын компанияларға да қатысты. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тасымалдауға қолданылатын мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Яғни бұл бағытта бұрын бекітілген тариф сақталады.