Негізгі Жаңалықтар ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУҒА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУҒА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Қазақстан Халық Кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.


Бұл қаражат Кеңестің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Атап айтқанда, мүшелерге еңбекақы төленіп, халықпен кездесулер, форумдар мен түрлі жиындар өткізіледі. Сондай-ақ іссапарлар мен қоғамдық тыңдауларға да қаржы қарастырылады. Ал Қазақстан Халық Кеңесі жаңа конституциялық орган ретінде қыркүйектің екінші жартысында құрылады.

Бөлісу