Негізгі Жаңалықтар 30 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ҮЙІНДІЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

30 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ҮЙІНДІЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғарыштық мониторинг арқылы ел аумағынан жыл басынан 2637 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтаған. Күні бүгін сол заңсыз қоқыс тасталған жерлердің  83 пайызы тазаланды. Ал, шымкентте бұл жұмыс 100 пайыз орындалды.

 Жалпы ғарыштық  геопортал түсірілімдері арқылы  қала аумағында  отызға жуық заңсыз қалдық үйінділері анықталған. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында  қоқыс полигондары толық жойылған. Заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және оларды пайда болуына жол бермеу мақсатында арнайы рейдтік шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады. Оған қоса полицейлер арнайы дрондардың көмегімен заңсыз қоқыс тастаушылардың жолын кеседі. Өзен бойлары мен қала шетіндегі елді мекендерге камералар да орнатылып жатыр. Қоқыс тасталатын жыраларға баратын жолдар қазылып, тақтайша орнатылып, арнайы қоршаулар да тұрғызылған.

ЕРСҰЛТАН ҚАПАШЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірнеше рет рейдтік жұмыстар жүргізілді экология департаментімен бірге. Осы қоқыс орындарының бәрін болдырмау мақсатында камералар қоюға ұысыныс тасталынды. Одан бөлек екінші рет қайлалап тастамас үшін қоршаулар орнатылды. Кіруге тиым салынатын тақтайшалар да орнатылған болатын.   


Бөлісу