ОТАНДЫҚ БАЛМҰЗДАҚ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА
Төлеби ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС өндіріс қарқынын арттырып, өнім көлемін ұлғайтып келеді. Кәсіпорын бүгінде 175-тен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып, отандық өнімді ішкі нарыққа ұсынып қана қоймай, шетелге де экспорттап отыр. «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері өндіріс орнына барып, еңбек ұжымының жұмысымен танысты.
3 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 175-тен астам адам еңбек етеді. Ұжымда түрлі этнос өкілдері бірлесе жұмыс істеп, ортақ іске өз үлесін қосып келеді. Өндіріс ошағында еңбек тәртібі мен кәсіби шеберлікке басымдық берілген. Жұмыс тобы кәсіпорынның өндірістік үдерісін көріп, еңбек ұжымының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде мұнда шығарылатын өнім еліміздің ғана емес, шетелдік нарықтың да сұранысына ие.
МАҚСАТ НҰРАЛИЕВ, «БАЛМҰЗДАҚ» ЖШС БАСШЫСЫ
Ең басты өніміміз – балмұздақ. «Ностальгия» брендімен шығарамыз. Біздің өнімді бүкіл ел таниды. Өткен жылдан бастап Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейге экспорттап жатырмыз.