Негізгі Жаңалықтар ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ИГІ ІС ЖАЛҒАСУДА

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ИГІ ІС ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ел аумағында жалғасуда. Бұл жолы игі бастамаға мешіт жамағаты мен қала тұрғындары белсене қатысып, мешіт аумағын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

 Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Бұл – бір реттік науқан емес, тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан жүйелі жұмыс. Осындай игі шара мешіттерде де апта сайын өткізіледі. Бүгінгі тазалық жұмыстары – соның айқын көрінісі. Акцияға мешіт жамағаты, келушілер мен қала тұрғындары белсене қатысуда. Сонымен қатар аулаға жас көшеттер отырғызылып, жасыл желек аумағы кеңейіп келеді. Шара барысында мешіт айналасы мен оған апаратын жолдар абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.


МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БАС ИМАМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Жалпы мұндай іс-шаралар біздің мешітте апта сайын ұйымдастырылады. Бүгінгі шара – соның бір көрінісі. Акцияға мешіт жамағаты, келушілер және өзге де азаматтар қатысуда. Біз мешіт аумағын, оған апаратын жолдарды абаттандырып, көшет отырғызу сияқты жұмыстарды атқарып келеміз.


Бөлісу