16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға сотталуы мүмкін. Жасөсіпірімді Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері қылмыс үстінде ұстады.
Кәмелет жасқа толмаған күдікті заңға қайшы «жұмысты» интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды. Одан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді. «Полициямен есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау жайты бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Биыл заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары алынды.