ЗОЯ ПИСКУН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Шымкенттік спортшы Зоя Пискун стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
«Скит» жаттығуындағы командалық бәсекеде Зоя Пискун Әсем Орынбай және Адель Садақбаевамен бірге ел намысын қорғады. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде 274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Қытай спортшылары 287 ұпаймен топ жарса, Үндістан құрамасы 266 ұпаймен үшінші орын алды. Айта кетейік, Азия ойындарында стенд ату және нысана көздеуден 35 елдің 461 спортшысы бақ сынауда. Қазақстан құрамасы сапында осы спорт түрлерінен Шымкенттің 14 спортшысы өнер көрсетіп жатыр.