Негізгі Жаңалықтар МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Сапалы медициналық қызмет алғыңыз келсе, «VIP SERVICE 17» медициналық клиникасына келіңіз. Үш жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан орталық Қатын көпір шағынауданында орналасқан. Клиникаға тіркелген азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті аясында ем ала алады. Сонымен қатар мұнда заманауи емдеу тәсілдерімен қатар, шығыс медицинасының тиімді әдістері де кеңінен қолданылады.


«VIP SERVICE 17» көпсалалы медициналық орталығы заманауи дәстүрлі медицина қызметтерін, соның ішінде терапевт, хирург, кардиолог қабылдауын және диагностикалық қызметтерді көрсетеді. Мұнда ультрадыбыстық зерттеу, зертханалық талдаулар, рентген, ЭКГ, флюорография және күндізгі стационар жұмыс істейді.


ЛАУРА ТҰЯҚБАЕВА, КАДР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ
 Клиникамызда әртүрлі сала бойынша жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Науқастар қажеттілігіне қарай диагностикадан өтіп, маман дәрігерлерден кеңес ала алады. Қазіргі таңда клиникамызда диагностиканың барлық түрі, сонымен қатар реабилитациялық оңалту бөлімі мен күндізгі стационар жұмыс істейді. Күндізгі уақытта ем алуға болады. Сонымен қатар гинеколог, уролог, онколог, хирург, проктолог секілді білікті мамандар қызмет көрсетеді.


 Медициналық орталық дәстүрлі еммен қатар, шығыс медицинасының тәсілдерін де кеңінен қолданады. Науқас алдымен заманауи диагностикадан өтеді. Одан кейін дәрігер әр адамға жеке емдеу жоспарын құрып, инемен емдеу, хиджама, фитотерапия және арнайы массаж түрлерін ұсынады. Орталықта Қытайда білім алған маман да бар. Ол науқастарды шығыс медицинасының арнайы тәсілдерімен емдейді.


 БАҚЫТЖАН ЖЕҢІСҰЛЫ, «VIP SERVICE 17» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 «VIP Service»-тің шығыс медицинасы бағытын «Дара мед» деп атадық. Қазір жұмыс бастағанымызға үш айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде 500-ден астам адамды қабылдап, көмек көрсетіп жатырмыз. Көбінесе тері аурулары, буын аурулары, сондай-ақ бауыр, өт жолдары сияқты ішкі ағза мәселелерімен келеді. Жоғары деңгейде қызмет көрсетіп жатырмыз. Қытайда білім алған маманымыз бар. Ол кісі өзіндік әдістері арқылы ем тағайындайды. Ине терапиясы да бізде жоғары деңгейде жүргізіледі.


Көпсалалы медициналық орталықта жүз орындық стационар жұмыс істеп тұр. Мұнда пациенттердің жатып емделуіне барлық жағдай жасалған. Емдеу мекемесіне жергілікті тұрғындардан бөлек, Түркістан облысының аудандары мен еліміздің өзге өңірлерінен де емделушілер жиі келеді.


АБУАЛИ ДАРИЕВ, ДӘРІГЕР-ХИРУРГ
 Диетология әдісімен емдейміз. Бұл әдіс Өзбекстанның Самарқан облысындағы Қазақ ауылында арнайы шипалы маймен емдеуге негізделген. Өзбекше «мәлхам» дейді. Сол мәлхаммен емдейміз. Оның ерекшелігі – бауыр ауруларын, өт жолдарын, ұйқы безі мен ішкі ағза ауруларын емдеуге қолданылуы. Сонымен қатар жүрек аурулары, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы, буын аурулары, аллергиялық, асқазан-ішек ауруларының барлығын осында жатып емдейміз. Бізде алтын ине, массаж және физиотерапия кабинеттері бар. Дәрі-дәрмекпен де ем жүргізіп, келген науқастарға жан-жақты медициналық көмек көрсетеміз.


«VIP SERVICE 17» медициналық орталығы тұрғындарға сапалы әрі жүйелі ем көрсетуді басты назарда ұстайды. Бүгінде орталыққа 4 мыңға жуық қала тұрғыны тіркелген. Оларға медициналық қызметтер тегін ұсынылады. Алдағы уақытта МӘМС жүйесі арқылы ем алу да қолжетімді болады.


Бөлісу