ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Жүзден астам әскери міндетті Отан алдындағы борышын өтеуге дайын екенін білдіріп, әскери ант қабылдады. Олар «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында он күндік жиынға қатысып, әскери машықтарын шыңдайды. Жиын барысында түрлі тактикалық және арнайы жаттығулардан өтеді.
Салтанатты рәсімде әскери міндеттілер елдің бостандығы мен тәуелсіздігін, Конституциялық құрылысын, халқы мен заңды түрде сайланған Президентін қорғауға ант етті. «Ақтас» оқу-жаттығу алаңында бұрын әскери қызмет өткермеген 125 азамат әскери ант қабылдады.
ДАНИЯР МАУЛЕНОВ, ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ
Отан алдындағы маңызды борышымызды атқаруға келдік. Бұ л әр азамтың борышы деп білемін ант қабылдау. Ант қабылдау дегеніміз жәй ғана рәсім емес, отан қорғауға деген өзіміздің адалдығымызды білдіру ьолып табылады.
Әскери жиынға 27 мен 60 жас аралығындағы азаматтар шақырылды. 50120 әскери бөліміне жалпы 170-ке жуық әскери міндетті жұмылдырылған. Он күн ішінде олар әскери мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіріп, практикалық дайындықтан өтеді.
МАҚСАТ ОСПАНОВ, 50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты әскери міндеттілерді әскери мамандықтары бойынша лауазымдарға тағайындап, олардың білімдерін жетілдіріп шыңдау. Оқу-жаттығу 10 күн мерзімге жоспарланған.
Жаттығу барысында әскери міндеттілер стратегиялық нысандарды күзету және қорғау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтайды. Сонымен қатар тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысып, жауынгерлік дағдыларын жетілдіреді. Айта кетейік, әскери жиын кезінде азаматтардың негізгі жұмыс орнындағы еңбекақысы толық сақталады.