Негізгі Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысып, экобелсенділермен бірге Президент саябағында ағаш отырғызды. Сенбілікте Экология және табиғи ресурстар министрі мен Астана қаласының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.


«Отанға деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады». Осылай деген Президент табиғатты қорғау – барша азаматтың ортақ міндеті екенін айтты. Мемлекет басшысы экологиялық акцияларға белсенді қатысып жүрген белсенділердің бастамасын да ерекше атап өтті. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 7 миллионға жуық адам қатысты. 130 мың гектардан астам аумақ күл-қоқыстан тазартылып, 1,3 миллион ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылды.

Бөлісу