Негізгі Жаңалықтар СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОН

СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОН

Шымкенттік саңлақ Софья Берульцева Азия ойындарында кезекті алтынын қоржынға салды. Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында каратэші 68 келіден жоғары салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсті. Осылайша ел қоржынына төртінші алтынды әкеліп, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.


 Жарыстың ширек финалында Софья Берульцева Сауд Арабиясының өкілі Дина Ахмед Мостафаны 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға берілетін жалғыз жолдама үшін ол Непал спортшысы Арика Гурунгпен белдесті. Бұл кездесуде де жерлесіміз 2:1 есебімен басым түсті. Ал шешуші бәсекеде спортшымыз Таиланд өкілі Манееван Буцуванмен кездесті. Софья қарсыласына мүмкіндік бермей, 8:0 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл – Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін Ханчжоуда өткен додада да 68 келіден жоғары салмақта чемпион атанған болатын.

Бөлісу