Негізгі Жаңалықтар ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ

ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ

Таза қала – ортақ міндет! Шымкентте «World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акциясы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.


 Тазалық шарасының негізгі алаңдарының бірі – А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы болды. Мұнда тұрғындар, жастар, еріктілер мен коммуналдық сала қызметкерлері саябақ аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Жалпы қалалық сенбілікке 43 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Тазалық жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.


ЕРМАХАН ҚОЗЫБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 Бүгінгі сенбілікке жастар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар қатысып жатыр. Тазалық бұл тек қана сенбілік өткізу емес, қоғамды таза ұстау, адам өз бойын таза ұстауы. Жыл басынан бері сенбіліктер өткізіліп жатыр.

Бөлісу