Негізгі Жаңалықтар КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Бір ғана күмәнді сілтеме жеке деректердің қолды болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан Шымкентте Кибермәдениет айы аясында ақпараттық қауіпсіздікке арналған түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Қаладағы жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушыларға интернет кеңістігіндегі қауіптерден қорғану жолдары таныстырылуда.


Кездесуде мамандар соңғы уақытта жиілеген интернет-алаяқтықтың әдіс-тәсілдерін тарқатып, сақтық шараларын түсіндірді. Қатысушылар күмәнді сілтемелер мен файлдардың қаупі, екі факторлы аутентификацияның артықшылығы және жеке мәліметтерді қорғау жолдары туралы кеңінен ақпарат алды.


ҰЛЫҚБЕК ЕРНАР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бізде өзімізде әлеуметтік желіміз бар,сол жерге бізге жиі взломдар жасалып жатады.Соған пароль немесе двухэтапная аутентификацияны қосып қойған жөн.Себебі менің өзімдеде сондай жағдайлар болған.Кезінде парольды взломать етіп алған кезде өз парақшамды осы двухэтапная аутентификация арқылы сақтап қалған болатынмын.


Жиын барысында шынайы өмірде кездесетін кибершабуыл түрлері мен алаяқтардың әрекет ету схемалары мысал ретінде көрсетілді. Мамандар күмәнді хабарламаларға тап болған жағдайда қандай қадам жасау керектігін де түсіндірді.


АЙНҰР ЖАНДАРБАЕВА, «АВИЦЕННА» ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін, жалпы Қазақстанда киберқауіпсіздік айы болып жарияланғандықтан, біздің колледжімізде жақсы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тақырыбы кибергигиена немесе ақпараттық қауіпсіздік. Көптеген сұрақтар болды,ұйымдастырушыларымызға алғысымыз шексіз. Өйткені барлық сұрақтарға өте жақсы жауап алдық. Себебі бұл қазіргі интернет дамыған заманда өте ауқымды тақырыптардың бірі болғандықтан әрбір студент барлық сұрақтарына жауап алды деп есептейміз.


 Цифрландыру басқармасының өкілдері интернеттегі қауіп-қатерден қорғанудың ең тиімді жолы – цифрлық сауаттылықты арттыру екенін айтады. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары Кибермәдениет айы аясында қаладағы өзге де оқу орындарында жалғасады.


Бөлісу