ІІМ АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
ІІМ ата-аналарды балаларға мұқият болуға шақырады. Министрліктің мәліметінше, есірткі айналымына қарсы қабылданған кешенді шараларға қарамастан жасөспірімдерді есірткіге тарту жалғасып жатыр.
Жыл басынан бері елде есірткі қылмыстары үшін 69 жасөспірім ұсталған. Оның ішінде 40 бала есірткі өткізгені, 27-сі аса ірі мөлшерде сақтаған және 2 жасөспірім есірткі жарнамалаған. Ұсталғандардың 52-і ұл, 17-сі қыз.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Сіздерді мынадай белгілер ерекше алаңдатуы тиіс: баланың қолында ақшаның немесе қымбат заттардың кенеттен пайда болуы, телефон мен хат алмасуды жасыруы, әр түрлі күмәнді скриншоттар. Қосымша табыс белгілері - орама қалташалар, шағын пакеттер, оқшаулағыш таспа, электрондық таразылар және басқа да күмәнді заттар. Жасөспірімнің араласатын ортасына, бос уақытын қалай өткізетініне, әлеуметтік желілерде кімдердің аккаунтарына тіркелгенін, мессенджерлерде кімдермен сенімді байланыс орнатқанына ерекше назар аудару қажет. ІІМ есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталатынын еске салады. Балалардың құқықтық тәрбиесіне белсенді қатысуға шақырамыз.