Негізгі Жаңалықтар ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Интернет алаяқтық белең алып тұрған тұста қаржылық қауіпсіздікті арттыру маңызды. Бүгін Шымкентте бір мезетте тоғыз жоғары оқу орнында студенттерге түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйытқы болған жиынға он бес мыңнан астам білім алушы қатысты.


Бүгінде алаяқтардың қулығына құрық бойламай барады.Арбаудың жаңа түріне көшкен қаскөйлер енді қарапайым халықты пайдасына асыра бастады.Олар банкомат алдында ақша аударым жасауды өтініп, құрбандарын тұзағына түсіреді.Аңдамай қалғандар опық жеп, ақыры соңы түрмеге тоғытылады. Кездесу алдымен М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де өтті. Ұйымдастырушылар жастарды осы сынды қауіптен сақтап, қылмыстың алдын-алуды көздейтіндерін айтады.


ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Түсінген адам ол нәрсеге бармайды. Біз тек қаржы пирамидасын айтсақ, өткен жылы бізде 12 дерек тіркелген. Жәбірленушілер саны 10 мыңға таяу еді .Бүгінгі таңда үш дерек тіркелді. Ал бұл түсіндіру жұмыстардың нәтижесін біз алдағы 5 не 7 жылдың ішінде көреміз.


Енді әлеуметтік желі арқылы бей-берекет байқау ұйымдастырып, халықтан қыруар қаражат жинап алуға тыйым салынады.Мамандар мұны алаяқтықтың тағы бір түрі деп дабыл қағып отыр.Заңды бұзғандарға талап та қатаң.


АРУЖАН ӘЛЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Әлеуметтік желіде көп жазылушысы бар тұлғалар ұтыс ойынын ойнатса, өзіне тіркелген жеке кәсіпкер болса, 100 АЕК, ал егер жеке тұлға болып тіркелген болса, 300 АЕК айыппұл төлейді.Егер қайталайтын болса, жеті күнге дейін бас бостандығынан айырылады.Бұдан кейін қайталаса, блог жүргізу құқығынан айырылып, барлық қаражатты мемлекетке өткізеді.


Мұнан соң жиын Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жалғасты. Кездесуге келген департамент өкілдері қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген тақырыптар жайлы баяндады.Қылмыстың алдын-алу жолдарын айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді.Жалпы, мұндай іс-шаралар қаладағы оқу орындарында жиі ұйымдастырылады.Себебі, студенттер күмәнді хабарламаны лезде байқап, алаяқтардың айласын бірден тануға көшкен.


ӘБДІҒАФУР БАҚЫТЖАН, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТІ
Бізде қазір жастар дропперлік тонаушылардың құрбаны болып жатады.Банкомат алдында тұрғанда біреулер келіп, «ақша аударып берші» деп өтінсе, ақша аударып беріп жатады.Мұның қылмыс екенін білмейді.Бүгін бізге оосы жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Қаржылай қиындыққа тап болып, қасқөйлерге алданбау үшін сақтық қажет. Ал мұндай түсіндіру жұмыстары қылмыстың құрбанына айналудан қорғайды.

Бөлісу