270 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Таза қала – ортақ міндет! Экологиялық акция аясында 43 мыңнан астам қала тұрғыны сенбілікте бас қосты. Тазалық жұмыстарының нәтижесінде мегаполис аумағынан 270 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сенбілікте дендрологиялық саябақтың фаунасы жаңа жануарлармен толықты.
Бүкіләлемдік тазалық күні! Жинақылықты ту еткен мыңға жуық мектеп оқушысы, студенттер мен еріктілер «Астана» алаңына жиналды. Тазалық жұмыстары кезінде қатысушыларды тасымалдау үшін арнайы автобустар ұйымдастырылып, арнайы коммуналдық техникалар тартылды.
ӘКІМЖАН ӘБДІӘКІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл бастама Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақсытан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде қаламыздағы жастарды, студенттерді, еріктілерді шақырып, шамамен 1000-нан астиам жастар.
Шараның ресми ашылуынан кейін қатысушылар топтарға бөлініп, Шымкенттің бес ауданына бағытталды. Оның ішінде 200-ге жуық адам дендросаябаққа аттанса, қалғандары көшелерді, аулаларды, гүлзарлар мен басқа да қоғамдық орындарды тазалауға кірісті.
САПАРБЕК ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ, ОАИУ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ
ОАИУ-нің ұжымы, жастары белсенді қатысуда. Және барша Шымкент қаласының тұрғындарын осы бір акцияға белсене қатысуға шықырамыз. Біз «Таза Қазақстанды» жақсы көреміз.
Тазалық шарасының негізгі алаңдарының бірі – А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы болды. Мұнда сенбілікке қатысушылар аумақты ағаш жапырақтары мен қоқыстан тазартты.
ЕРМАХАН ҚОЗЫБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі сенбілікке жастар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар қатысып жатыр. Тазалық бұл тек қана сенбілік өткізу емес, қоғамды таза ұстау, адам өз бойын таза ұстауы. Жыл басынан бері сенбіліктер өткізіліп жатыр.
Экологиялық акцияда қала әкімі Ғабит Сыздықбековте өз үлесін қосты. Шаһар басшысының қатысуымен саябақ аумағына 10 тиін, 25 қырғауыл және көлге 250 келі балық жіберілді.
АЛТАЙ ОРДАБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұны жұмыс ретінде көрмеу керек. Негізі жалпы ұйымдарға, ұжымдарға бұл тимбилдинг деп айтуға болады. Сол үшін бұны қуана қарсы алып жұмыс істеу керекпіз бәріміз бірге қосылып.
Жалпы қалалық сенбілікке 43 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Тазалық жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Жүргізілген тазалық жұмыстарының нәтижесінде қала аумағынан 270 тоннадан астам қоқыс шығарылды.