ЖОЛДАҒЫ 226 МЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Жол ережесін елемегендер жауапсыз қалмады. Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері рейдтік шараларды күшейтіп, жол қозғалысы ережесін бұзудың 226 мыңнан астам фактісін анықтады.
Оның ішінде көлікті мас күйде басқарудың 5 мыңнан астам дерегі тіркелген. 4 мыңнан астам жүргізуші қарсы бағытқа шыққан. 46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал қауіпті маневр жасап, дрифтке әуес болған 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Көлікпен әдейі дрифт жасаған жүргізушілердің бірі 10 тәулікке, тағы бірі 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Олардың көліктері де арнайы тұраққа қойылды.