Негізгі Жаңалықтар ҒАЛЫМДАР АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҒАЛЫМДАР АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Ғалымдар еліміздегі тұңғыш мемлекеттік табиғи қорықтың ғасырлық тарихына арналған конференцияда бас қосты. Биыл «Ақсу-Жабағылы» қорығының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Ғылыми жиын «Ұлт тұлғасы – Тұрар Рысқұлов және ғасыр жауһары – Ақсу-Жабағылы» тақырыбына арналды.


Жиында Тұрар Рысқұловтың тағылымды мұрасы, «Ақсу-Жабағылы» қорығының құрылу тарихы, табиғи әлеуеті мен ғылыми-зерттеу бағыттары сөз болды. Ғалымдар қорықтың Қазақстан мен Орталық Азиядағы табиғатты қорғау ісіндегі тарихи маңызын атап өтіп, бірегей экожүйені сақтау және табиғи мұраны келер ұрпаққа жеткізу мәселелерін ортаға салды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Бүгінгі басқосудың тарихи да танымдық салмағы айрықша. Себебі біз Орталық Азиядағы тұңғыш табиғи қорықтың ғасырлық жылнамасын ұлықтап қана қоймай, оның негізін қалаған Алаш арыстарының өнегелі ізін жаңғырту үшін жиналып отырмыз. Бұдан тура бір ғасыр бұрын, 1926 жылы осы қорықты құру туралы мемлекеттік деңгейде шешім қабылдап, жүзеге асырған – ұлт перзенті Тұрар Рысқұлов еді. Осылайша, қазақ жерінде табиғатты жүйелі түрде қорғаудың жаңа дәуірі басталды. Ақсу-Жабағылы – жай ғана қорық емес, бұл – табиғаттың тірі шежіресі, ұрпақтан ұрпаққа жеткен аманат.


Бөлісу