15 ГРАФФИТИ САЛҒАН
Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз жарнамалауға қатысы бар күдіктіні ұстады.
Ұсталған күдікті онлайн-платформа арқылы сыйақы алу мақсатында қала аумағындағы тұрғын үйлердің қабырғаларына есірткі заттарын насихаттайтын жазулар салуға келіскен. Нәтижесінде бірнеше тұрғын үйдің қабырғасына 15 граффити жазуын түсірген. Оқиға орнын қарау барысында граффити жасау кезінде пайдаланылған аэрозоль бояуы мен трафарет тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.