Негізгі Жаңалықтар НӨМІРДІ ЖҮКСАЛҒЫШҚА САЛЫП ҚОЙҒАН

НӨМІРДІ ЖҮКСАЛҒЫШҚА САЛЫП ҚОЙҒАН

НӨМІРДІ ЖҮКСАЛҒЫШҚА САЛЫП ҚОЙҒАН

Мемлекеттік нөмірді көлікке тақпай, жүксалғышқа салып қойған. Түркістан қаласында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы нөмірсіз жүрген көлікті анықтады.


Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камералары арқылы Қазыбек би көшесі бойымен нөмірсіз келе жатқан «Hyundai Santa Fe» көлігін анықтады. Ақпарат бірден патрульдік полиция экипажына жолданды. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатты. Тексеру барысында 32 жастағы жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірін көліктің алды мен артына тақпай, жүксалғышқа салып қойғаны анықталды. Полицейлер жүргізушіге заң талаптарын түсіндіріп, мемлекеттік нөмірді тиісті орнына таққызды. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны үшін жүргізушіге заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары азаматқа мұндай заң бұзушылыққа қайта жол бермеу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу