«КҮЗ БЕН БІЗ»: ПОЭЗИЯҒА ТОЛЫ КЕШ
Шымкент қалалық арнайы кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Күз бен біз» атты поэзиялық кеш өтті. Рухани басқосуға «Тағдырластар» клубының мүшелері қатысып, күздің сырлы сәттерін жырға қосқан туындыларын оқыды.
Алтын күздің әсемдігі мен адам жанының нәзік сезімдерін арқау еткен өлеңдер көрерменге ерекше әсер сыйлады. Поэзия кеші қатысушылардың шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға және рухани байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
ЕРБЕК БАКИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АРНАЙЫ КІТАПХАНАСЫ ТИФЛОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бүгін бізде тағдырластар клубының қыркүйек айында жүздесуі, Күз бен Біз тақырында өтіп жатыр. Бұл шарада кешегі ел Президентіміздің кітап оқитын ұлт жобасы аясында, кітап насихаттау,кітап талдау, кітапқа тағзым бағыттарында өтеді.
Шара барысында кітап оқу мәдениеті, әдеби шығармаларды талдау және кітаптың қоғамдағы орны кеңінен сөз болды. Қатысушылар сүйікті туындылары жайлы ой бөлісіп, әдебиет төңірегінде еркін пікір алмасты.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Міне бүгін өздеріңізге белгілі президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған кітап оқитын ұлт атты жоба елімізде бастауын алды.
Әртүрлі жастағы поэзия сүйер қауымның басын қосқан кеш жылы атмосферада өтті. Жиналғандар жүрекжарды жырларын оқып, рухани азық алды. Мұндай кездесулер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына да жол ашады. Кітапхана ұжымы мен «Тағдырластар» клубы бірлесіп ұйымдастыратын әдеби-танымдық кештер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бұл бастама кітап оқуды насихаттап қана қоймай, шығармашылық орта қалыптастыруға да ықпал етеді.