Негізгі Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЛГІ

АРДАГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЛГІ

Қаржылық мониторинг агенттігі «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды. Шымкенттегі басқосуға еліміздің 11 өңірінен сала ардагерлері арнайы келіп, қызмет жолында жинаған мол тәжірибесімен бөлісті. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Аға буын өкілдері қаржы саласындағы қызметтің қыр-сырын айтып, жас мамандарға кәсіби тәжірибесін ұсынды. Сонымен қатар жаңа Конституцияның маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі сөз болды.

АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
 Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басып отыр. Жаңа саяси дәуір жаңа Конституцияны қабылдаумен басталды. Жаң ата заң жобасын үлестіру бағытында еліміздің әр өңірінде көптеген әріптестеріміз үлкен еңбек атқарды. Конституция тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер талқылайтын құжат емес. Ол әр-бір азаматтық құқығы мен бостандығына мемлекет пен қоғамның болашағынатікелей қатысы бар негізгі құжат.


Ардагерлер басқосуда қаржы саласындағы өзекті мәселелерді де ортаға салды. Атап айтқанда, қаржы пирамидалары, дропперлік, ойынқұмарлық және салықтан жалтару сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды. Жыл басынан бері Шымкентте осындай 74 құқықбұзушылық тіркелген. Келтірілген 2,9 миллиард теңге шығынның 2,1 миллиарды, яғни 61 пайызы қайтарылған.

ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Түркістан облысымен ШЫмкент қаласы экономикалық тергеу қызметі бұрын 2014 жылға дейін қызмет атқарған қаржы полициясы органдарының басқосуы өтіп жатыр. Бұл жерде сабақтастық, үлкен буын ағалар өздерінің еңбек өтіліндегі тәжірбиесімен бөлісіп, қазіргі орын алып жатқан жаңа қылмыс түрлерін анықтауды оны болдырмауды, біздің атқарған жұмыстарды тыңдап бірқатар пікір алмастар болады. Іс-шара алдағы уақытта басқа өңірлерде де іске асама деп отырмыз.


Кездесудің тағы бір бағыты – саладағы сабақтастықты сақтау. Бұған дейін қаржы полициясы мен экономикалық тергеу қызметінде еңбек еткен ардагерлер қазіргі жаңа қылмыс түрлерімен күрес тәжірибесін талқылады. Қатысушылар мұндай кездесулерді өзге өңірлерде де жалғастыруды жоспарлап отыр. Салада ұзақ жылдар еңбек еткен бірқатар ардагерге құрмет көрсетіліп, марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Екі күнге жоспарланған басқосудың екінші отырысы 24 қыркүйекте Түркістан қаласында жалғасады.

Бөлісу