Негізгі Жаңалықтар БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАРҚЫН ҚАЛАМГЕРІ

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАРҚЫН ҚАЛАМГЕРІ

Жас оқырмандар балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Нәсіреддин Сералиевтің шығармашылығын талқылады. №14 кітапхана бөлімшесі «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында қаламгер мұрасына арналған әдеби басқосу ұйымдастырып, 5-6 сынып оқушыларын кітап әлеміне жетеледі.

 Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылық жолына қанығып, сүйікті туындылары туралы ойларын ортаға салды. «Мен оқыған шығарма» бөлімінде кітаптан алған әсерлерін бөліссе, «Балалар әдебиетінің дара тұлғасы» атты сұрақ-жауап кезеңінде білімдерін сынады.

 САРМАНБАЙ ИСАКОВ, ПРОФЕССОР, АКАДЕМИК, ЖАЗУШЫ-ФАНТАСТ
Балалардың заңғар жазушысы Нәсіреддин Сералиевтің кереметтей тәлімдік,тәрбиелік баға жетпейтін шығармаларын талқылау жөнінде арнайы кездесу өткізген балалар кітапханасыма алғысымды білдіремін.Алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастырып өткізе беру керек.Өйткені қазіргі кезде 20 ғасырда ғылыми технологиялар қатты дамыған кезде жастарымыз кітаптан сәл ажырап бара жатқан сияқты.Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевқа рақмет,биылғы жылы барлық мектептерде жи сабағы еніп жатыр.

Қаламгер шығармашылығын кеңінен танытуға жергілікті ақын-жазушылар, тарихшылар мен өнерпаздар да атсалысты. Олар жас оқырмандармен еркін пікір алмасып, кітап оқудың маңызы жөнінде ой бөлісті. Ал көрмеге қойылған сирек кітаптар Нәсіреддин Сералиевтің әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттыра түсті.

АҚБӨПЕ ТУЛТАЕВА, №14 КІТАПХАНА БӨЛІМШЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Бүгін біздің орталықтандырылған балалар кітапхана жүйесінде үлкен іс-шара өтіп жатыр.Нәсіреддин Сералиев атамыздың шығармаларын талқылау.Ол талқылауды бүгін біз қаламыздың көрнекті ақын жазушыларымен бірге және де біздің қаламыздағы барлық белсенді оқырмандарымен бірге өткізудеміз.Іс-шара өте жақсы деңгейде өтуде әлі де жалғасын табады деген ойдамын.

Әдеби басқосуды әуезді әндер жалғап, жас оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кездесу соңында балалар әдебиетінің рухани құндылығы мен қаламгер мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңызы айтылды.


Бөлісу