Негізгі Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫН ШЫҢДАДЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫН ШЫҢДАДЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫН ШЫҢДАДЫ

Шаһар маңындағы Қаратау оқу-жаттығу орталығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының артиллериялық және зениттік бөлімшелері далалық оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Үш күнге жоспарланған дайындық барысында әскери қызметшілердің жауынгерлік машығы жетілдіріліп, далалық жағдайда әрекет ету қабілеті пысықталуда.


 Оқу-жаттығу кезінде артиллерияшылар мен зенитшілер атыс позицияларын жедел ауыстыру, нысананы дәл көздеу және тактикалық тапсырмаларды орындау бойынша тәжірибелерін жетілдірді. Сондай-ақ заманауи ұрыс тәсілдерін қолдану дағдылары сыналды.


 ЕРСҰЛТАН ХОЖАЛЕПЕС, 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ
Алғашында қобалжу болды. Бірақ командирлеріміз қарудың құрылымын, қауіпсіздік шараларын командалық жұмысты түсіндіріп берді. Соның арқасында сенімділік пайда болып үрейіміз сейілді. Жалпы осы Қаратау жері тегіс емес болғандықтан бұл жерде жауынгерлік шеберлігімізді шыңдап қана қоймай өзіміздің төзімділігімізді шыңдап келеміз. Миномедпен атыс жалпы командалық жұмысымызды жақсартты. Және де өзімізге деген батылдық пайда болды.


МИРАС КЕЛЕРХАН, 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ
Бүгінгі әсерім, өте жоғары дайындалдық. Ұрыста жеңіл болды. Дайындықта қандай қиын болғанымен жеңіл болады дейді ғой. ДЗЮ 123 қондырғысы әуе нысаналары мен жердегі жеңіл брондалған техникалардың көзін жоюға арналған. Теорияда дайындалғанмен бүгін іс жүзінде атып көрдік. Бүгінгі жауынгерлік тапсырманы жақсы деңгейде орындадық деп есептеймін.


 Қаратау шатқалының күрделі рельефі сарбаздардың төзімділігі мен кәсіби даярлығын шыңдайтын табиғи жаттығу алаңына айналған. Мұнда жауынгерлер жер бедерін жылдам бағалап, өзгермелі жағдайға жедел бейімделуді меңгеруде.


ӘЛІБЕК ӘБІЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Дәл қазір біз миномедтық батареяның практикалық дайындығын бақылап тұрмыз. Мұнда 100 ден астам әскери қызметкердің, есеп топтардың қимылын, атыс тапсырмаларын орындау кезіндегі өзара үйлесімділікті пысықтауда. Жиынның негізгі мақсаты жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіріп, бөлімшелердің тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету.


6506 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында миномет және зениттік батарея құрамындағы әскери қызметшілер өзара іс-қимыл, дәлдік және жауынгерлік үйлесімділікті жетілдірді. Жаттығуға жүзден астам сарбаз қатысып, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі сыналды.

Бөлісу