Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН

ЖАҢА МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН

ЖАҢА МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ САЛЫНУЫ МҮМКІН

Шымкентте ірі инвестициялық жоба жүзеге асуы мүмкін. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың «Shenyang Hongda Iron and Steel» компаниясының өкілімен кездесіп, заманауи металлургия зауытын салу мәселесін талқылады.


Инвестор арматура, сым шыбық, болат шарлар мен тар жолақты болат өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Өндірісте жоғары қуатты электр доғалы пештер секілді заманауи технологиялар қолданылмақ. Жобаның алғашқы кезеңіне шамамен 50 миллион АҚШ доллары инвестиция салынады. Құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған. Зауыт толық қуатына шыққан кезде жылына 1 миллион тоннаға дейін металл өнімін өндіріп, 500-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында өндіріс орнын анықтау, инженерлік инфрақұрылым тарту және жобаны іске асырудың келесі кезеңдері пысықталды.

Бөлісу