Мегаполисте білім мен полиция қатарында сыбайластыққа баратындар қарасы азаяр емес. Бұл туралы қалада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының іске асырылуы туралы тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.  

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қиымл агенттігі жыл басынан бері 123 қылмыстық іс тіркеген. Оның 88 жемқорлыққа қатысты болса, 31 қылмыстық факт мемлекттік қызметкерлер қатысуымен орын алған. Жемқорлық әрекетінің алдын алып, сенім номеріне хабарлаған азмат қылмыс деңгейіне қарай 4000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 152000 мың теңгеге көлемінде сыйақы алады.  

 БЕКМҰРАТ ТӨЛЕБАЕВ,ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
 – «Оның құпиялығы толығымен сақталады. Екі шақты шарт түзіліп, ақпаратты басқаға таратпау туралы келісім жасалады

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша арнайы сараптама жұмыстары жүргізіліп, түрлі сала қызметі негізге алынған. Мәселен, ауыр атлетика, жекпе-жек сынды бір қатар спорт ұйымдарында 19 жаттықтырушы мен 13 әдіскер жалған құжат арқылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер» атақтарын иемденген. Сараптама негізінде аталған дәреже көрсеткіші жойылған.
ҚАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
 - Сонымен қатар, бюджеттік спорт ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны есептеуде бірнеше кемшіліктер анықталды.»

Брефинг соңы сұрақ-жауап форматына ауысып, департамент өкілдері журналисттер қойған сауалдарға жауап берді.