Шымкентте мектеп шатырларына күн электр станциялары орнатылады. Пилоттық жоба Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиназиясына қойылған. Бастаманың нәтижесі жаман емес. Білім ошағының 1 айда жұмсайтын электр қуатын жаңа қондырғы 20-25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Толығырақ тілші әңгімелесін.
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиназиясы екі ғимараттан тұрады. Осы орындарды электр қуатымен қамту үшін айына 1млн 200 мың теңгенің төңірегінде қаржы жұмсалады. Жаңа понелді тақталардың көмегімен осы шығын 20 пайызға дейін азаймақ.
АЛМАС СЕРІКҰЛЫ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №65 МЕКТЕП-ГИНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бір тиімділігі мынау балалар арасында электр энергиясын үнемдеуге қатысты мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрі біз мемлекеттік шығындарды азайтуға жол ашып отырмыз. Осы бастамамен 20 пайызға дейін төмендетеміз.
Қала әкімдігінің қолдауымен «Solarway Energy» ЖШС-і понелді тақталарды өз қаржысына орнатқан. Жоба бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндіік береді. Қазір есептегіш құралдары қойылып, іске асқан.
БЕКТАС НҰРЫМБЕТОВ, SOLARWAY ENERGY ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ
Құдайдың бізге берген сыйы Шымкентте күннің көзі 300-ге дейін түседі. Сол мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Бұл жоба үшжақты келісім негізінде қолға алынып отыр. Сондықтан нәтижеге қарай өзге білім ошақтарында да қолға аламыз.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жаңартылған энергия көздерін дамытуға мүдделі. Баламалы қуат көзін қалалық желіге біріктіруге қолдау көрсетпек. Шағын генерация арқылы Шымкентте экологиялық таза өнімді 25 МВт-қа дейін арттырмақ.
АЙДАР МАХАМБЕТ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
- Бұл өте ауқымды жоба болуына тілектеспі. Жалпы осындай мемлекеттік органдарға осы жоба бойынша жұмыс істеуге тырысамыз. Жалпы 25 кВт дейін үнемдеуге өтіп жатыр. нетто қуатына бәрі өтіп жатыр.
Жаңа жоба жыл сайын сағатына шашамен 700 кВт электр эенргиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл шашамен 4 миллион 700 мың теңгеге тең. Жаңа бастама көмірқышқыл газын 60 000-ға дейін азайтады. Бұл аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді.